Тимур Сұлтанғазиев СҚО әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды

Тимур Сұлтанғазиев СҚО әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды

СҚО әкiмiнiң өкiмiммен Тимур Сламжанұлы Сұлтанғазиев Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жұмыспен қамту және денсаулық сақтау мәселелерi бойынша орынбасары болып тағайындалды.

Тимур Сламжанұлы 1982 жылы туған. Қазақ ұлттық медицина университетiн және АҚШ-тағы Тюлейн университетiн бiтiрген.

Еңбек жолын 2006 жылы Елордадағы № 1 қалыпты анатомия кафедрасының лаборанты болып бастады.

2010 жылы «Республикалық медициналық жедел жәрдем ғылыми орталығында» жұмыс iстедi.

2010-2013 жылдары — «Ұлттық медициналық холдингте» Инновация және технологиялық трансферт департаментiнiң менеджерi, бас менеджерi, директоры.

2013-2014 жылдары «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының» президентi болды. 2014-2016 жылдары «Медикер» ЖШС-де директордың орынбасары болды.

2016-2018 жылдары Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң құрылымында түрлi басшылық қызметте болды.

2018 жылдан 2020 жылға дейiн СҚО әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып жұмыс iстедi.

2020 жылы — Денсаулық сақтау министрлiгi Тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау комитетiнiң төрағасы.

Осы тағайындауға дейiн жеке ұйымда жұмыс iстедi.