Онлайн қабылдау

Онлайн қабылдау

Азаматтарды онлайн қабылдауда облыс әкiмi Құмар Ақсақалов үш адамның сауалын тыңдады. Мамлют ауданының тұрғыны Мақпал Тоқтанаева үйдегi жөндеу жұмыстарының сапасыз аяқталуына шағымданды. Облыс әкiмi жөндеу сапасын тексеру үшiн арнайы топ жiберудi тапсырды. Барлық мәлiметтер нақтыланған соң шешiм қабылданады.

Бұдан кейiн Әнуар Алдашев аймақ басшысына халықтық дауыс беру арқылы әкiмдердiң жұмысын бақылайтын сайтты ұсынды. Құмар Ақсақалов бастаманы мақұлдап, мемлекеттiк органдардың жұмысы ашық болып, өз нәтижесiн беруi керектiгiн атап өттi. Жобаны толығырақ қарастыру туралы шешiм қабылданды.

Жылу мәселесiне қатысты соңғы сауалды Саумалкөл ауылының тұрғыны Любовь Шнель айтты. Облыс әкiмi энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен аудан әкiмдiгiне қазандықты тексерудi, қажет болған жағдайда қазандықтардың қуатын арттыруды тапсырды. Қайта есептеп, үй тұрғындарын қалыпты жылумен қамтамасыз ету туралы шешiм қабылданды.