СҚО әкiмi ауыл шаруашылығы еңбеккерлерiн кәсiби мерекемен құттықтады

СҚО әкiмi ауыл шаруашылығы еңбеккерлерiн кәсiби мерекемен құттықтады

«Бүгiн ауыл шаруашылығы еңбеккерлерiнiң күнi. Бұл күнi дәстүрлi түрде ауыл шаруашылығы жылының қорытындысын шығарамыз. Ауыл шаруашылығы еңбеккерi — қадiрлi мамандық. Сiздердiң еңбектерiңiз елiмiздiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қосқан зор үлес болып табылады. Құрметтi ауыл шаруашылығы қызметкерлерi, жердегi қажырлы еңбектерiңiз үшiн шексiз алғысымды бiлдiремiн. Сiздердi кәсiби мерекелерiңiзбен құттықтап, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке мен бақыт тiлеймiн», — деп жазды өңiр басшысы әлеуметтiк желiдегi парақшасында.