СҚО әкімі Бас мүфти Наурызбай қажымен кездесті

СҚО әкімі Бас мүфти Наурызбай қажымен кездесті

«Бүгін облысымызға жұмыс бабымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы келді. Өңірдің зиялы қауымы, ақсақалдар, Ассамблея мен қоғам өкілдері қатысқан кездесуде облыстың жаңа бас имамы Хамзат Әділбеков таныстырылды. Бұл қызметті 8 жылдан аса атқарған Кенжетай Дүйсенбайдың Бас мүфтидің кеңесшісі болып тағайындалуы — еңбегіне берілген жоғары баға. Кенжетай қажының басшылығымен көптеген жұмыстар атқарылды», — деп жазды СҚО әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Өңірде 6 жаңа мешіт салынды. Қалада сәулетті мешіт ашылды. Тағы 4 мешіттің құрылысы жалғасуда. Өңірге діни жоғары білімі бар 19 маман келіп, кадр тапшылығы мәселесі шешілді. Білікті мамандар теріс ағымдағы азаматтармен жүйелі жұмыс жүргізіп, деструктивті ағымдардағы адамдардың саны 6 есе қысқарды. Қайырымдылық аясында ауруханаларға, көп балалы отбасылар, қариялар мен тұрмысы төмен азаматтарға көмек көрсетіліп келеді.