Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегiнде сағат 15:00-де Солтүстiк Қазақстан облысының бақылау және қадағалау органдарының «бiрыңғай есеп беру күнi» өтедi. Қатысуға облыс кәсiпкерлерi шақырылады.
Есептiң бiрыңғай күнi кәсiпкерлiк субъектiлерiмен мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың профилактикасын жүзеге асыру нәтижелерiн талқылау бойынша, кәсiпкерлiк субъектiлерi мен мемлекеттiң өзара iс-қимылын жақсарту, бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша сындарлы шешiмдер тұжырымдау, қауiпсiз қызметтi жүзеге асыру үшiн кәсiпкерлiк субъектiлерi мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттiң бақылау-қадағалау қызметi реформасын iске асыру шеңберiнде мемлекеттiк бақылау және қадағалау мәселелерi заңнамасының мiндеттi талаптарын талқылау бойынша өткiзiледi.
Бiрыңғай есеп күнi мына мекен-жайда өткiзiледi: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58, 1 қабат (үлкен зал). Облыс аудандарының кәсiпкерлерi БКБ (бейнеконференцбайланыс) арқылы аудандық әкiмдiктерге қатыса алады.
Iс-шараға қатысу туралы ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7152) 36-13-62 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриалық-инновациялық даму басқармасы» КММ.