Солтүстiкте тұқымдар шығаратын жаңа зауыт салынуда

Солтүстiкте тұқымдар шығаратын жаңа зауыт салынуда

Бұл жайында әлеуметтiк желiдегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.

«Тұқым — өсiмдiк шаруашылығында нәтиже алудың негiзi болып табылады. Тұқым неғұрлым сапалы болса, нәтиже соғұрлым жақсы болады. Жоғары сапалы тұқым алу көп еңбектi қажет етедi. Бiз бұл бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Корнеевкада ауыл шаруашылығы тұқымдарын шығаратын жаңа зауыт салынуда», — деп жазды өңiр басшысы.

«Атамекен Агро» серiктестiгi маңызды жобаға 750 миллион теңге инвестиция құюда. Жаңа кәсiпорын озық технологиялардың арқасында тұқымдық қорды едәуiр жақсартып, диқандарды сапалы тұқыммен қамтамасыз етпек.