Әкiмдiктiң отырысында халық санағының жүргiзiлуi талқыланды

Әкiмдiктiң отырысында халық санағының жүргiзiлуi талқыланды

Бүгiн СҚО әкiмдiгiнiң отырысында Қазақстан Республикасының халық санағының өткiзiлуi күн тәртiбiнде болды.

Халық санағы 1 қыркүйекте басталды. Тәуелсiздiк жылдарында бұл үшiншi науқан.

«Санақтың арқасында демографиялық, экономикалық және әлеуметтiк салалар бойынша жаңартылған мәлiметтерге ие боламыз. Осылайша, тенденцияны талдап, даму нүктелерiн анықтауға болады. Талдау экономиканы одан әрi жоспарлауға, мемлекеттiк бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеуге және түзетуге негiз болады», — дедi СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов.

Биыл санақ онлайн форматта да өткiзiлуде. Бүгiнгi таңда тұрғындардың 17% онлайн санақтан өттi.

Құмар Ақсақалов барлық қауiпсiздiк шараларын сақтауға, сұхбат алушыларды оқытуға, материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етуге тапсырма бердi. Аймақ басшысы сонымен қатар тұрғындарды республикалық халық санағына белсендi қатысуға шақырды.