Елiмiзде "Мерейлi отбасы" ұлттық байқауының жеңiмпаздарын салтанатты марапаттау рәсiмi өттi. Оған 17 жеңiмпаз отбасы қатысты. Қатысушыларға ҚР Мемлекеттiк хатшысы Қырымбек Көшербаев құттықтау сөз сөйледi.
Байқау жеңiмпаздарының арасында Шал ақын ауданының Крейдундердiң көпбалалы отбасы болды. СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жеңiмпаз отбасыға мүсiнше, Мемлекет басшысының дипломын, байқауға қатысқандығы туралы естелiк диплом мен ақшалай сертификат табыс еттi.