Президент жолдауын талқылау

Президент жолдауын талқылау

 

Облыстық әкімдікте СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен 2021 жылдың 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР — ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» деп аталатын халыққа Жолдауын талқылау үшін актив жиналысы өтті.

Жиынды ашқан өңір басшысы «маңызды құжатта еліміздегі әлеуметтік-экономикалық салалар бойынша нақты міндеттер айқындалды. Ең бастысы, бұл Жолдауда Қазақстанның болашақта даму жолының бағыты көрсетілді. Мемлекет басшысының жолдауы — пандемия мен әлемдік экономикалық қиындықтарға жауап болды», — деп атап өтті.