Бұл жайында әлеуметтiк желiдегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов мәлiмдедi.
Бүгiн Солтүстiк Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Президентi Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан ашылған «CLAAS» концернiнiң ауыл шаруашылығы техникасын шығару зауыты мен «Alageum Electric» электротехникалық зауытында болды. Қос кәсiпорын «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан.
«CLAAS» әлемдiк бренд. Бұл жобаны жүзеге асыру үшiн көп жұмыс атқарылды. Зауытта комбайндар, тракторлар мен тұқым себу кешендерi жиналады. Кәсiпорын жылына 500 бiрлiк ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын болады. Фермерлер сапалы, өнiмдiлiгi жоғары және қымбат емес техникаға қол жеткiзбек», — деп жазды өңiр басшысы.⠀
Бос тұрған ғимаратта ендi заманауи электротехникалық зауыт орналасты. 300 астам жаңа жұмыс орны ашылады. Инвестиция көлемi 10 млрд теңгенi құрады. Жаңа кәсiпорын жыл сайын 13 мың трансформатор шығарады, өнiм экспортқа жөнелтiледi.