Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавлдағы «Alageum Electric» электротехника зауытына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавлдағы «Alageum Electric» электротехника зауытына барды

Мемлекет басшысы Солтүстiк Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Петропавлдағы «Alageum Electric» электротехника зауытының жұмысымен танысты.

Президентке трансформатор өндiрiсiнiң технологиялық желiсi көрсетiлiп, кәсiпорын қызметкерлерiне көрсетiлiп жатқан әлеуметтiк қолдау шаралары мен өндiрiстi одан әрi кеңейту жоспарлары туралы айтылды.

Зауыттың құрылысына 10 миллиард теңге инвестиция салынған. Жобалық қуаты бойынша кәсiпорын жылына 13 мың трансформатор шығарады деп жоспарланған. Шығарылатын өнiмнiң 98 пайызы ТМД елдерiне экспортталады.

Кәсiпорын еңбеккерлерi, соның iшiнде оңтүстiк өңiрден көшiп келушiлер жеңiлдiкпен тұрғын үй алу мүмкiндiгiне ие. Тәлiмгерлерге оқуға және кейiн жұмысқа орналасуға жағдай жасалады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек ұжымымен әңгiмелестi. Президент кәсiпорынның жұмысы мен оның экспорттық әлеуетiне жоғары баға бердi. Мемлекет басшысы зауыттың табысты дами беретiнiне сенiм бiлдiрiп, отандық өнiм өндiрушiлерге Үкiмет тарапынан жан-жақты көмек көрсетiлетiнiн айтты.

Ақпарат көзi: https://www.akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-petropavldagy-alageum-electric-elektrotehnika-zauytyna-bardy-781254