Шал ақын ауданында спорттық-сауықтыру кешенi ашылды

Шал ақын ауданында спорттық-сауықтыру кешенi ашылды

«Бүгiн, 23-шi шiлдеде Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өттi. Бұл бүкiл әлем үшiн, жүздеген спортшылар мен миллиондаған жанкүйерлер үшiн маңызды оқиға. Бiздiң елдiң ұлттық құрамасында төрт солтүстiкқазақстандықтың болғаны қуантады: велошабандоздар Алексей Луценко мен Артем Захаров, жеңiл атлеттер Ирина Эктова және Михаил Литвин. Мен жарыстарды мұқият бақылап отырамын және бiздiң спортшыларға жүлде алуын тiлеймiн.⠀

Дәл осы күнi Сергеевкада «Құлеке батыр» спорттық-сауықтыру орталығының ашылуы символдық маңызға ие. Кешенде командалық спорт түрлерiне арналған спорт залы, сондай-ақ жаттығу залы мен фитнес бөлмесi бар. Үстел теннисi ойнайтын орын жабдықталған. Жанкүйерлер үшiн ыңғайлы және қауiпсiз трибуна жасалды.⠀

Президенттiң тапсырмасына сай бiз әр аудан орталығында спорттық нысандар салып жатырмыз. Қазiр Аққайың, Тимирязев, Айыртау, Есiл және Жамбыл аудандарында спорттық кешендер салып жатырмыз. Олардың ашылуы бiздiң балаларымыздың спорттық әлеуетiн дамытуға, денсаулығын нығайтуға және өңiр мен елдi жаңа спорттық жетiстiктерге жетелеуге көмектеседi», — деп жазды Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.