СҚО-да 18 ауыл топтық су құбырына қосылды

СҚО-да 18 ауыл топтық су құбырына қосылды

Бұл жайында әлеуметтiк желiдегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.

«Бүгiн Жамбыл, Есiл және Мамлют аудандарында 11 мың тұрғыны бар 18 ауылға су келдi. Преснов топтық су құбырының екiншi кезеңi iске қосылды. 8 елдi мекенге тарату желiлерiн жүргiздiк», -деп жазды өңiр басшысы.⠀

Ендi келесi кезең — Преснов топтық су жүйесiнiң 1-шi кезеңiн пайдалануға беру. 15 ауыл қосылады, онда 20 мың адам тұрады. Жоба 2 кезеңге бөлiнген: бiрiншiсi бойынша жыл соңына дейiн 7 ауыл қосылады. Екiншi кезеңде қалған ауылдарға 2022 жылдың аяғына дейiн тартылады.⠀

Биыл сумен жабдықтауға сома екi есеге өсiп, 11,4 млрд теңгеге жеттi. 49 ауыл қамтылмақ. 3 мыңнан аса отбасы үйлерiне су тартады. Жыл соңына дейiн бiз ауыл тұрғындарының 83,5% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етiледi. Кешендi жоспардың арқасында 2025 жылға дейiн 78 ауыл су жүйесiне қосылып, ауыл тұрғындарын қамтамасыз ету — 100% болады.