Солтүстiк Қазақстанда 128 отбасы қоныс тойын тойлауда

Солтүстiк Қазақстанда 128 отбасы қоныс тойын тойлауда

Жыл сайын тұрғын үй салуға бөлiнетiн қаржы өсуде. 2020 жылы бұл салаға 17 миллиард теңге бөлiнсе, биыл 28 миллиард теңгеге жеттi. Бүгiнде Петропавлда 46 көппәтерлi үй салынуда. Оның 18-i жеке коммерциялық үйлер. Жыл соңына дейiн 28 үйдi пайдалануға беремiз. Нәтижесiнде 3,5 мың пәтер салынады. 12 мың солтүстiкқазақстандық қоныс тойын тойлайды.⠀

«Жалға берiлетiн тұрғын үйлер де салынуда. Бүгiн кезекте тұрған азаматтар «Береке» шағын ауданында қоныс тойын тойлауда. Көп балалы отбасылар, жетiмдер, мүгедектер, ардагерлер және халықтың әлеуметтiк осал топтары 128 көпқабатты үйден баспанаға ие болды», — деп жазды өңiр басшысы әлеуметтiк желiдегi парақшасында.⠀

Жалпы, «Береке» шағын ауданы қарқынды дамып келедi. 6 үй салып жатыр, оның үшеуi жыл соңына дейiн пайдалануға берiледi. Емхананың құрылысы аяқталады, саябақтың аумағы кеңейедi, жаңа мектеп ашылды. Осы ықшам ауданда 217 тұрақты жұмыс орны ашылатын майлы дақылдар өңдейтiн зауыттың құрылысы басталды. CLAAS ауылшаруашылық техникасын шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын, ал қазiр компания жұмысшылар iздеуде. Жаңа өндiрiстердiң арқасында шағын аудан тұрғындары өз үйiнiң жанында жұмыс табуға мүмкiндiк алды.