«Серпiн» түлектерi СҚО-ның жаңа зауыттарына жұмысқа орналасуда

«Серпiн» түлектерi СҚО-ның жаңа зауыттарына жұмысқа орналасуда

Бұл жайында әлеуметтiк желiдегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.

Елбасының бастамасымен 2014 жылдан берi облыста «Серпiн» бағдарламасы жүзеге асып келедi. Бұл Тәуелсiз Қазақстанның 30 жылдық тарихындағы әлеуметтiк-саяси маңызы бар жобалардың бiрi.

7 жылда өңiрге оңтүстiк облыстардан 2 мыңнан аса қыз-жiгiт келдi. Олар жатақханамен қамтамасыз етiлдi, тегiн әрi сапалы бiлiм алуда. Бүгiнде 1 мыңға жуық бала диплом алды. Серпiндiктердi еңбекпен қамту үшiн көмек көрсетiледi. Университет түлектерiнiң 92%-i облыста қалып, жұмысқа тұрды.

«Мысалы, биылғы жылдың түлектерi өңiрде жаңа ашылып жатқан кәсiпорындарға жұмысқа орналасуда. Жаңа электртехникалық зауытына 31 серпiндiк жұмысқа алынды. 4 түлек «CLAAS» ауыл шаруашылығы техникасы зауытына қабылданды. Түлектер ауыл шаруашылығы, құрылыс, энергетика, бiлiм беру, темiр жол салаларының дамуына өз үлестерiн қосуда», — деп жазды өңiр басшысы.

Серпiндiктердiң облыста қалып, елге қызмет етуiне бар жағдай жасалуда. «Серпiн» түлектерi солтүстiкте шаңырақ көтерiп, отбасы құрып жатыр. Жас жанұяларда 10 кiшкентай азамат дүниеге келдi.