Президент СҚО әкiмiмен кездестi

Президент СҚО әкiмiмен кездестi

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақтөбе, Солтүстiк Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкiмдерiн жеке-жеке қабылдады.

Жеңiс Қасымбек, Бақытжан Сағынтаев, Мұрат Әйтенов, Оңдасын Оразалин, Құмар Ақсақалов және Серiкбай Трұмов Президентке өздерi басшылық жасайтын өңiрлердiң жыл басынан бергi негiзгi әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерi туралы есеп берiп, аймақтарды одан әрi дамытудың перспективасы жөнiнде баяндады. Бұдан бөлек Мемлекет басшысына өңiрлердегi санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы мәлiмет берiлдi.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және республикалық мәртебесi бар қалалардың басшыларына әлеуметтiк маңызы бар тауарлар бағасының артуына жол бермеуге қатысты және басқа да бiрқатар нақты тапсырма бердi. 

Akorda.kz