Бүгiн полиция күнi қарсаңында тәртiп сақшылары жаңа қызметтiк көлiктерге ие болды. Жаңа машиналармен СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов танысты.
«20172020 жылдары полиция үшiн 68 көлiк бiрлiгi сатып алынды. Биылдың өзiнде полицияның автопаркi 127 автокөлiкпен толықтырылады. Көлiкпен қамтамасыз етiлу 84% құрайды», — дедi облыс әкiмi.
2016 жылы облыста 700-ге жуық бейнекамера орнатылды. Қазiр олардың саны 1,4 мыңға жетiп отыр. 4 жыл iшiнде бейнекамералардың желiсi екi есеге өстi.
Материалдық-техникалық базаны жақсарту және заманауи жабдықтармен жарақтандыру оң нәтиже беруде. Соңғы 5 жылда қылмыс 47% төмендедi. Осы жылдың 5 айында ғана қылмыс деңгейi 2020 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 11%-ке төмендедi.