СҚО әкімі: «Ағаштарды кесуге рұқсат берген тұлғалар жазалануы керек»

СҚО әкімі: «Ағаштарды кесуге рұқсат берген тұлғалар жазалануы керек»

«Қызылжар ауданының орталығы Бескөлде ағаштарды кесуге жол бермеу керек. Тексеріс барысында облыстық жер инспекциясы басқармасы жер телімін беру кезіндегі заң бұзушылықты анықтады. Қазір жер телімдерін жалға алу және сатып алу шарттарын жарамсыз деп тану туралы сот ісі дайындалуда. Кінәлі тұлғалар жазалануы керек», — деп жазды СҚО әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында.