СҚО әкімі мектеп кезіндегі фотоларды жариялады

СҚО әкімі мектеп кезіндегі фотоларды жариялады

«Барлық түлектерді мектептегі оқудың аяқталуымен құттықтаймын! 25 мамыр — оқушының өміріндегі ерекше күн. Мектеп алаңсыз балалық шақ пен жастық шақ, алғашқы жеңістер мен жетістіктердің уақыты. Түлектердің алдында көптеген мүмкіндіктер мен маңызды шешімдер тұр: емтихандар тапсыру, мамандық және университет таңдау. Мұғалімдер үшін соңғы қоңырау мерекесі де ерекше, өйткені әр балаға көп күш, қамқорлық пен білім беріледі. Мен бірінші ұстазым Юлия Ивановнаны әрдайым жылулықпен және ризашылықпен еске аламын», — деп жазды өңір басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында.