СҚО-да көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары театрға тегiн кiредi

СҚО-да көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары театрға тегiн кiредi

Бұл жайында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында жазды.

«Қазақстан Республикасының халық әртiсi Людмила Турпаян-Ванюкова 75 жылдық мерейтойын атап өтуде. Людмила Николаевна театр сахнасында жүргенiне 53 жыл болды. Актриса 150-ден астам рөлдi сомдады. Мерейтой иесiне зор денсаулық, қызықты рөлдер мен көрермендердiң сүйiспеншiлiгiн тiлеймiн», — деп жазды өңiр басшысы.⠀

Осындай тұлғалардың арқасында театр өнерi өшпей, адамгершiлiк пен рухани тәрбиенiң қайнар көзi болып қала бермек.

«Бiз жастарды театрларға тартуымыз керек. Сондықтан көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшiн театрға келудi ақысыз етуге шешiм қабылдадық», — дедi Құмар Ақсақалов.⠀

СҚО әкiмi ҚР мәдениет және өнер қызметкерлерiн кәсiби мерекелерiмен құттықтады.