Отан қорғаушылар күнi Әскери институт корпустарының құрылысы басталды

Отан қорғаушылар күнi Әскери институт корпустарының құрылысы басталды

«Барша солтүстiкқазақстандықтарды Отан қорғаушы күнiмен құттықтаймын. Елiмiз аман, жұртымыз тыныш болсын. Бiздiң армия күштi әрi бәсекеге қабiлеттi болуы тиiс. Ол үшiн болашақ офицерлерге барлық жағдайды жасау керек. Соңғы 2 жылда әскери институт ғимараттарын жаңартуға қаражат бөлiндi. Әскери шеберлiктi арттыру үшiн заманауи қондырғылар алынуда. Бүгiн облыста әскери институтқа арналған жаңа үш корпустың құрылысы басталды. Мереке күнi үлкен символдық мәнi бар.

Осы жобаның арқасында бiздiң әскери институт елiмiздегi ең үздiк мамандандырылған оқу орындарының бiрiне айналады. Бiз елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен және шет елдерден жастарды тартамыз», — деп жазды СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.

Курсанттарға барлық жағдайлар жасалады: спорт кешенi, 280 орындық трибунасы бар әмбебап ойын бөлмесi, демалыс аймағы, дәрiс залы, медициналық блок және акт залы ашылады. Петропавл әскери саланың заманауи ұстаханасына айналады, бiздiң офицерлер Отанымыздың Қарулы Күштерiнде сұранысқа ие болады.