СҚО-дағы «Қазпоштаның» 88 ауылдық бөлiмшесi Халыққа қызмет көрсету орталықтарына айналмақ

СҚО-дағы «Қазпоштаның» 88 ауылдық бөлiмшесi Халыққа қызмет көрсету орталықтарына айналмақ

«Бүгiн «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаевпен кездесiп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Мұның Солтүстiк Қазақстан халқы үшiн қандай пайдасы бар? Облыста 167 пошта бөлiмшесi бар, оның 139-ы автоматтандырылған. Биыл бұл көрсеткiштi 100% жеткiземiз. Осының арқасында тұрғындарға көрсетiлетiн қызметтiң сапасы жақсарады. Тағы бiр маңызды жаңалықты жеткiзгiм келедi: көп ұзамай «Қазпоштаның» 88 ауылдық бөлiмшесiнде Халыққа қызмет көрсету орталықтары сияқты жұмыс iстейтiн болады. Яғни, ауылдықтарға ендi қажеттi анықтаманы алу үшiн аудан орталығына барудың қажетi жоқ», — деп жазды СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.