«Жақында әлеуметтiк желiлерде қала тұрғынының С.Мұқанов атындағы қазақ театрының жанындағы саябақ халыққа қол жетiмдi емес деген үндеуi болды. Мен бұл ұсынысты қолдаймын. Қоршаулар бұзылды, бүгiн бiз сенбiлiк өткiздiк. Биыл бұл алаң жөнделiп, тұрғындар үшiн жақсы демалыс орнына айналады», — деп жазды СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов.⠀
Саябақтарды жаңарту бойынша кешендi жұмыстар жүргiзiлуде. Өткен жылы 5 жаңа саябақ салынды. Биыл 7 саябақ ашылады. Брусиловский көшесiндегi саябақ ұзартылады. Жуков көшесiнде әдемi аллея жасалады. Қуыршақ театрының жанында балаларға арналған саябақ құрылады. Жаңа қазақ театрының жанында және Алтынсарин көшесiнде де жаңа саябақ пайда болады.⠀
Биыл абаттандыру жұмыстары да жалғасады. Төрт жылда 386 аула жөнделдi, биыл тағы 82 аула өзгередi. Былтыр 45 тегiн автотұрақ iстелдi, биыл тағы 47 тұрақ жасалынады.⠀