Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы Нұрқожа Қайпановпен кездесті. Балуан Солтүстік Қазақстан облысында жеңістерден бастап, әлемдік спорт аренасында жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Өзінің жеңістерімен Нұрқожа Қайпанов бүкіл Қазақстанды ғана емес, өзінің кіші Отанын да асқақтатты. Бүгін спортсменге облыс әкімдігінде салтанатты түрде қошамет көрсетілді. Айта кету керек, Нұрқожа Қайпанов - аймақ тарихында «Азия алтынын» екі рет жеңіп алған алғашқы спортшы.