СҚО әкiмi: «2017 жылғы тасқын қайталанбайды»

СҚО әкiмi: «2017 жылғы тасқын қайталанбайды»

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов аймақтағы су тасқыны жағдайын тексердi. Биыл су тасқыны 10-12 күнге кешiгуде. Бүгiнгi күнi Сергеев су қоймасындағы судың асып төгiлуi 122 см-ге жеттi.

«Қардың көп мөлшерiне қарамастан, 2017 жылғы жағдай қайталанбайды. Су тасқынына бiз жан-жақты дайындалдық. Жағдай 1 аптаның iшiнде тұрақталуы керек», — дедi Құмар Ақсақалов журналистерге.