СҚО әкiмi: «Алтынға татитын қола»

СҚО әкiмi: «Алтынға татитын қола»

СҚО әкiмi «Есiл-СК» волейбол клубын ел бiрiншiлiгiнiң қола жүлдесiн жеңiп алуымен құттықтады.

«Бұл алтынға татитын қола! «Есiл-СК» Ұлттық лигада 15 жыл ойнап жүр. Олар жетiстiкке жету үшiн ұзақ әрi қиын жолды жүрiп өттi. Бiздiң волейболшылар өз тарихында тұңғыш рет елiмiздегi волейбол клубтарының үздiк үштiгiне ендi. Жақында жергiлiктi волейболшы қыздар да осындай жетiстiкке қол жеткiзген едi. Бұл кездейсоқ жеңiстер емес. Солтүстiкқазақстандықтардың спорттық жетiстiктерi — заңды құбылыс. Волейболды дамытуға бағытталған күш-жiгерiмiз өз нәтижесiн беруде. «Есiл-СК» командасы негiзiнен жергiлiктi волейболшылардан жасақталған. Қазiр облыста бiр мыңнан аса бала волейболмен айналысып жүр. Дарынды жастар аз емес, бiздiң екi волейболшы ұлттық құраманың сапында. Үлкен жеңiстер әлi алда», — деп жазды облыс әкiмi әлеуметтiк желiдегi парақшасында.