СҚО-да көпсалалы аурухананың құрылысы жалғасуда

СҚО-да көпсалалы аурухананың құрылысы жалғасуда

Бұл жайында әлеуметтiк желiлердегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.

«Өңiрде үлкен жоба — көпсалалы аурухананың құрылысы жалғасуда. Кейбiреулер бұл жобаның жүзеге асатынына күмәнданды. Алайда құрылыс тоқтаған емес. Тiптi күрделi ауа-райына қарамастан. Қазiрдiң өзiнде 6 мыңға жуық қада қағылды. Қазiр құрылысшылар бетон құюды бастады», — деп жазды өңiр басшысы.

Суық пен боранның кесiрiнен уақытты жоғалтпау үшiн арнайы шатыр орнатылып, бетон құйылады. Яғни, құрылысшылар жылы көктемнiң келуiн күтпейдi, оларды әр күндi тиiмдi пайдаланады. Бұл құрылыста екi жылда 500-ден астам адам жұмыс iстейдi.

«Бұл бiз үшiн өте маңызды жоба. Медициналық мекеменiң жалпы ауданы 90 мың шаршы метрден асады. Халықаралық аурухана жоғары технологиялық қондырғылармен жабдықталады. Бiз түрiк әрiптестерiмiзбен бiрге заманауи менеджменттi енгiземiз. Бiздiң тұрғындардың облыстан шықпай-ақ сапалы медициналық көмек алуы маңызды. Солтүстiкқазақстандықтар шетелге емделуге бармауы тиiс, керiсiнше барлығы бiзге келуi керек. Айтпақшы, бiздiң тұрғындар үшiн емделу тегiн болады», — дедi Құмар Ақсақалов.