СҚО әкiмi әлеуметтiк желiде қызға жауап бердi: «науқастар тасымалданбайды»

СҚО әкiмi әлеуметтiк желiде қызға жауап бердi: «науқастар тасымалданбайды»

Facebook әлеуметтiк желiсiнде Айгүл Амитова Петропавлда жұқпалы аурулар бөлiмшесi жабылмақшы деген хабарлама жазды. Айгүл бiрiншi қалалық ауруханада емделiп жатқан әжесiнiң денсаулығына алаңдаушылық бiлдiрдi. Жауап берген Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов Айгүл Амитованың күмәнiн жоққа шығарды.

«Айгүл, мен сiздiң әжеңiзге тезiрек сауығып кетуiн тiлеймiн. Мен ауруханалардағы жағдайды түсiндiргiм келедi. Қазiр бiздiң облыс жасыл аймақта. Күнделiктi емделiп шыққандардың саны келiп түскендерден әлдеқайда көп. Жұқпалы ауруханалар босап жатыр — бұл жақсы белгi», — деп жазды аймақ басшысы.⠀

Пандемия кезiнде бiрiншi қалалық ауруханада науқастарды емдеу үшiн инфекциялық бөлiмше ашылды. Қазiр онда 18 науқас ковидтен емделiп жатыр.

«Олар ешқайда тасымалданбайды. Дәрiгерлер соңғы науқас шыққанға дейiн жұмыс iстейдi. Оның үстiне, аурухананың өзi жабылмайды. Медициналық мекеме әдеттегiдей жұмысын жалғастырады. Жаңа түскендер жаңа жұқпалы аурулар ауруханасына жiберiледi. Алаңдауға негiз жоқ, тағы да әжеңiзге денсаулық тiлеймiн», — деп түйiндедi Құмар Ақсақалов.