Азаматтарды онлайн қабылдау

Азаматтарды онлайн қабылдау

СҚО әкiмi Құмар Ақсаловтың қатысуымен азаматтарды онлайн қабылдау өттi. Покровка ауылының тұрғыны Мақпал Тоқтанаева тұрғын үй сапасына қатысты проблемасымен аймақ басшысына жүгiндi. Мамлют облысының әкiмi Владислав Лукиннiң айтуынша, жөндеу жұмыстары көктемде басталады.

Қабылдауда көтерiлген тағы бiр мәселе — заманауи би мәдениетiн қолдау және дамыту, атап айтқанда брейк данс. Бидiң бұл түрi өткен жылы олимпиадалық спорт түрлерiнiң тiзiмiне енген. Брейкдансты дамыту идеясын Шерхан Жеңiс айтты. Қазiр осы спорт түрiнен федерация құру, сонымен қатар бiлiктi оқытушылар құрамын таңдау мәселесi қарастырылуда. Дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдау көрсетпек.