СҚО әкiмi: «Талшықта ауданаралық аурухана құрамыз»

СҚО әкiмi: «Талшықта ауданаралық аурухана құрамыз»

Ақжар ауданының әкiмi Қанат Қалиев тұрғындармен есептiк кездесу өткiзiп, онда 2020 жылға арналған даму қорытындылары туралы айтты. Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов аудан әкiмiнiң есебiн тыңдады.

Ақжар ауданында 2020 жылы 37 шақырымнан астам жол жөнделдi. Восход, Горький, Ұялы, Талшық ауылдарындағы мектептерге күрделi жөндеу жүргiзiлдi. Талшық және Ақжарқында мәдениет үйлерi жөнделдi, аудан орталығындағы стадион қайта жаңартылды. 10 мыңнан астам тұрғыны бар 10 ауылда сумен жабдықтау желiлерi жөнделдi.

Құмар Ақсақалов аудан әкiмдiгiнiң келесi бағыттар бойынша жұмысын жандандыруды тапсырды: ауыл шаруашылығы және өнеркәсiп. Облыс әкiмi денсаулық мәселелерiне баса назар аударды.

«Медицина қызметкерлерi, мамандандырылған дәрiгерлер, медбикелер жетiспейдi. Жаңа кадрларды, ең алдымен, тұрғын үймен қамтамасыз ету арқылы белсендi тарту қажет. Аудан облыс орталығынан алыс болғандықтан, бiз Талшықта ауданаралық аурухана құруды шештiк», — дедi Құмар Ақсақалов.

Бұдан кейiн аймақ басшысы Ақжар ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап бердi. Жиi қойылатын сұрақ — ауылiшiлiк жолдардың жағдайы. Талшық ауылының тұрғыны мектептi жөндеу қажеттiлiгiне назар аударды.