Асқар Мамин: «Солтүстiк Қазақстан облысының дамуына елеулi серпiн беру қажет»

Асқар Мамин: «Солтүстiк Қазақстан облысының дамуына елеулi серпiн беру қажет»

ҚР Премьер-Министрi Асқар Мамин Солтүстiк Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инвестициялық жобалардың iске асырылуын тексерiп, өңiрдiң одан әрi әлеуметтiк-экономикалық дамуы жөнiнде кеңес өткiздi.

Петропавл қаласында Үкiмет басшысы «Qyzyljar» АЭА аумағында электр техникалық өнiмiн өндiретiн жаңа зауыттың құрылыс барысымен танысты. Жоба құны — 10 млрд тг. Кәсiпорынның қуаттылығы 300 жаңа жұмыс орнын құрумен жылына 13 мың трансформаторды құрайды.

А. Мамин «Петропавл ауыр машина жасау зауытына» барды, оның аумағында тез бұзылатын азық-түлiк өнiмдерiн тасымалдауға арналған термос вагондарды құрастыратын жаңа өндiрiс орны ашылған. Жобалық қуаттылығы — 200 адамды жұмыспен қамти отырып, жылына 1200 вагон. 

Премьер-Министр «Солтүстiк фанера комбинаты» ЖШС ламинатталған фанера өндiретiн зауыттың жұмысымен танысты. Кәсiпорын 150 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жобалық қуаттылығы — жылына 27 мың м³ өнiм. Сондай-ақ

Үкiмет басшысы Петропавл қаласының «Шығыс» шағын ауданында JCI халықаралық стандарттары бойынша 510 төсек орнына арналған көпбейiндi облыстық аурухана құрылысының барысын тексердi. Жобаны 2022 жылдың соңына қарай мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк аясында «YDA Holding» түрiк инвесторы жүзеге асырады.

Қызылжар ауданының Чапаево ауылында Премьер-Министр «Қызылжар Сүт» ЖШС-нiң жаңа цифрландырылған сүт-тауар фермасында болды. Ферманың қуаттылығы — жылына 3,6 мың тонна сүт.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Премьер-Министр Солтүстiк Қазақстан облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуы және алдағы кезеңге арналған перспективалары жөнiнде кеңес өткiздi. Өңiр әкiмi Құмар Ақсақалов, ауыл шаруашылығы министрi Сапархан Омаров, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрi Бейбiт Атамқұлов, денсаулық сақтау министрi Алексей Цой, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Серiк Шәпкенов, бiлiм және ғылым министрi Асхат Аймағамбетов, ұлттық экономика вице-министрi Ермек Алпысов және қаржы бiрiншi вице-министрi Берiк Шолпанқұлов баяндама жасады.

«Солтүстiк Қазақстан облысы агроөнеркәсiптiк кешенде, өңдеу өнеркәсiбiнде және басқа да салаларда үлкен әлеуетке ие. Өңiрдiң одан әрi әлеуметтiк-экономикалық дамуына, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға, халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатының жоғары болуын қамтамасыз етуге елеулi серпiн беру қажет», — дедi А. Мамин.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Солтүстiк Қазақстан облысының ауыл шаруашылығындағы жалпы өнiм көлемi 779 млрд теңгенi құрады, бұл өткен жылғыдан 27%-ға жоғары, өнеркәсiптiк өнiм өндiру көлемi — 306 млрд теңге (+4,8%). Негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 20,5%-ға — 281 млрд теңгеге дейiн ұлғайды.

Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/news/kr-premer-ministri-a-mamin-zhumys-saparymen-soltustik-kazakstan-oblysyna-bardy-2002114