Хабарландыру

Хабарландыру

ҚҰРМЕТТІ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

2021 жылдың 12 ақпаны облыс әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесуі өтеді. Сағат 11-00-де басталады. Есеп беру кездесуі облыс әкімдігінің ресми сайтында (www.gov.kz/memleket/entities/sko), сондай-ақ Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде онлайн форматта өтеді.

Сонымен бірге, облыс әкімі сөз сөйлеуінің тікелей көрсетілімі облыс телеарналарында өтеді.

12 ақпанда сағат 11-12 аралығында Call centr 8(7152) 35-00-07 жұмыс істейді.

Тілек білдірушілердің барлығы облыс әкіміне өз сауалдарын 8(7152) 34-02-04 телефоны арқылы немесе Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі Qumar Aqsaqalov аккаунтына жолдай алады.

Аудандар мен Петропавл қаласының барлық әкімдіктерінде, сондай-ақ облыс әкімдігінде сауалдарды, ескертулер мен ұсыныстарды жинауға арналған арнайы жәшіктер қойылған.

Әлеуметтік желілер мен арнайы жәшіктердегі сауалдарды, ескертулер мен ұсыныстарды жинау 2021 жылдың 9 ақпанында аяқталады.