Мамлюткада хоккей корты ашылды

Мамлюткада хоккей корты ашылды

Бұл жайында әлеуметтiк желiлерде СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.

«Облыста хоккей корттары ашылуда. Новоишимкадан кейiн эстафетаны Мамлютка қабылдады. Бүгiн аудан орталығында жаңа «Тарлан» хоккей корты ашылды. Барлығы бiз облыста 5 хоккей кортын салуды бастадық», — дедi өңiр басшысы.

Екi спорт нысаны iске қосылды, қалғандары қаңтардың аяғына дейiн ашылады. 2021 жылы тағы 7 хоккей кешенiнiң құрылысы басталады.