Петропавлға 100 жаңа автобустың алғашқы легi келдi

Петропавлға 100 жаңа автобустың алғашқы легi келдi

Бұл жайында өз парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.

«Жоспарға сай бiз қаладағы автобус паркiн жаңарту жобасын бастадық. Қалада 200 автобус бар. Бiз олардың тең жартысын ауыстырамыз. Қазақстанда құрастырылған 100 жайлы автобус сатып аламыз. Бүгiн Петропавлға 7 көлiк келдi», — деп жазды Құмар Ақсақалов.

Автобустар жайлы, кең әрi жылы. СҚО климатын ескере отырып, автобус 6 жылыту радиаторымен жабдықталған. Кондиционерлер мен пандус орнатылды. Ауаны дезинфекциялауға арналған тазарту жүйесi және ультрафиолет шамдары қойылған.⠀

«Атап өтетiн жәйт, қоғамдық көлiкте жүру бағасы қымбаттамайды. Сонымен қатар, жаңа жылдан бастап тұрғындарға жылу және электр энергиясы үшiн тарифтер бұрынғы деңгейде қалды», — дедi Құмар Ақсақалов.

Электрондық билет жүйесi де енгiзiлуде. Бұл жолаушылардың ашық есебiн жүргiзуге мүмкiндiк бередi.