Бұл жайында өзiнiң парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов мәлiмдедi.
«Облыс экономикасы дамып келедi, сонымен бiрге бюджеттiң кiрiсi де өсуде. 2020 жылы облыс қазынасына жоспарланғаннан көп салық түстi. Қосымша қаржы шұғыл әлеуметтiк мәселелердi шешуге және халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмсалады», — деп жазды облыс әкiмi,
Көп қабатты үйлердiң шатыры жөнделiп, жаңа лифттер орнатылады. 2011 жылдан берi 170 көппәтерлi тұрғын үй күрделi жөндеуден өттi. Қазiр 38 үй шатыр жөндеуге кезекте тұр.
Екiншi өзектi мәселе — тоғыз қабатты үйлердегi лифттердiң жоқтығы.
«Петропавлдағы үйлерде 367 лифт бар, олардың сегiзi мүлдем жұмыс iстемейдi. Биыл 8 лифт қойылып, тұрғындардың байырғы мәселесi шешiлмек», — дедi Құмар Ақсақалов.
Оған қоса, биыл облыс орталығының аулаларын абаттандыруды толығымен аяқталады. Тегiн автотұрақтарды ашу жұмысы да жалғаспақ. Бұл қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға септiгiн тигiзедi.