
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға қоныс аудару бағдарламасына қатысушы да жеке өтінішімен келді. Сондай-ақ тұрғындар баспанамен қамтамасыз ету және жол инфрақұрылымының жай-күйіне қатысты мәселелерді көтерді. Әрбір өтініш бойынша тиісті түсініктемелер беріліп, көтерілген мәселелерді шешу жөніндегі нақты шаралар айқындалды.
Қабылдау қорытындысы бойынша өңір басшысы жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді. Тұрғындар көтерген мәселелердің орындалуы бақылауға алынды.