Новоишим ауылында қазандық төрт жылдан кейін қайта іске қосылды

Новоишим ауылында қазандық төрт жылдан кейін қайта іске қосылды

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда коммуналдық инфрақұрылымды алдағы жылыту маусымына дайындауға ерекше көңіл бөлінуде. Төрт жыл бойы жұмыс істемеген Новоишим қазандығы қайта іске қосылды. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 11,6 шақырымды құрайды.

Қазіргі таңда орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне жалпы аумағы шамамен 60 мың шаршы метр болатын 60-қа жуық нысан қосылған.