
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Айыртау ауданына барып, егін жинау науқанының барысымен танысты. Өңір басшысы бірқатар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралап, диқандармен кездесіп, биылғы өнім мен науқанның өту барысын талқылады.
Бүгінде ауданда егін алқаптарының 82%-ы жиналды. Орташа өнімділік гектарына 17,2 центнерді құраса, жекелеген шаруашылықтарда 30 центнерге дейін жетіп отыр. Ауданның жалпы егіс алқабы 361,3 мың гектарды құрайды және облыстағы ең ірі егіс алқаптарының бірі саналады.
Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында шаруалар егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген. Ауданда бес элеватор жұмыс істейді. Бүгінде олар жаңа өнімнің 132 мың тоннадан астам астығын қабылдады.