
Биыл тың игеруші, еңбек ардагері Аслан Нұрұлы Нехай 90 жасқа толды. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің атынан мерейтой иесіне құттықтау хатын облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов табыстады.
Аслан Нехай 1954 жылы комсомолдық жолдамамен Солтүстік Қазақстанға келіп, саналы ғұмырын осы өңірдің өркендеуіне арнады. Еңбек жолын тракторшы-комбайншы болып бастаған ол білікті агроном, тәжірибелі басшы әрі мемлекет қайраткері ретінде қалыптасып, тың және тыңайған жерлерді игеруге, облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосты.
Аслан Нұрұлының көп жылғы адал еңбегі «Құрмет Белгісі» орденімен, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалімен, сондай-ақ мемлекеттік және ведомстволық наградалармен атап өтілген.
Бүгінде мерейтой иесінің жанында жұбайы Мария Михайловна, балалары, немерелері мен шөберелері бар. Оның берекелі отбасында ұрпақтар сабақтастығы, еңбекке құрмет пен дәстүрлі отбасылық құндылықтар берік сақталған.
«Аслан Нехайдың өнегелі өмір жолы облыстың еңбек шежіресінің ажырамас бөлігіне әрі туған жерге адал қызмет етудің лайықты үлгісіне айналды», – деп атап өтті өңір басшысы.