Өңір басшысы М.Жұмабаев ауданына барды

Өңір басшысы М.Жұмабаев ауданына барды

Облыста ауыл шаруашылығы науқанының ең жауапты кезеңдерінің бірі – егін орағы басталды. Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов М.Жұмабаев ауданына жұмыс сапары барысында егіс алқаптарын аралап, орақ жұмыстарының барысымен таныстым.

«Мемлекеттің агроөнеркәсіп кешеніне көрсетіп отырған жан-жақты қолдауы мен диқандардың еселі еңбегінің нәтижесінде көктемгі дала жұмыстары толық көлемде әрі сапалы жүргізілді. Жергілікті аграршылардың ауылдарды дамытуға қосып отырған үлесі ерекше құрметке лайық»,- деді облыс әкімі.

✔️Биыл аудан әкімдігі мен ауыл шаруашылығы құрылымдары арасында жалпы сомасы 1,3 млрд теңгені құрайтын меморандум жасалып, оның аясында әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асырылуда. Нәтижесінде Чистовское ауылындағы Мәдениет үйіне 300 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізіліп, Таман ауылында 80 млн теңгеге заманауи стадион салынды. Бұдан бөлек, 10 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 11 ауылдық округ тұрғындарына қызмет көрсету үшін жаңа медициналық автокөліктерді табыстады.

✔️ Булаево қаласындағы жас техниктер үйіне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін мұнда робот техникасы, картинг, авиамодельдеу және сәндік-қолданбалы өнер бағыттары бойынша тегін үйірмелер жұмыс істейтін болады. Бұл балалар мен жастардың қабілетін шыңдап, жаңа білім мен заманауи дағдыларды игеруіне кең мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аудандағы заманауи IT-орталық табысты жұмыс істеп, тұрғындар сұранысына ие білім беру алаңы әрі жастардың басын қосатын маңызды орталыққа айналды.

✔️Ауданда жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Биыл «Булаево – Молодогвардейское» және «Петропавл – РФ шекарасы» республикалық автомобиль жолдарын қайта жаңғырту бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары кезең-кезеңімен жөнделіп жатыр. «Булаево – Советское» автожолына ағымдағы жөндеу жұмыстары басталса, «Узынкөл – Возвышенка» бағытындағы жолдың орташа жөндеуі аяқталуға жақын. «Қарағанды – Надежка» учаскесіндегі жұмыстар толық аяқталды. Қазіргі уақытта «Пулеметовка – Таманское» автожолын жөндеу жалғасуда.

✔️Сондай-ақ облыс әкімі аудандық полиция бөлімінің жаңа Жедел басқару орталығында болып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған заманауи жүйелердің жұмысымен танысты. Ардагерлермен және аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, елді мекендерді одан әрі дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.