
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке қабылдап, өңір тұрғындарының өзекті мәселелерін тыңдады. Қабылдау барысында ауылдық елді мекендерді дамыту, автомобиль жолдарының жай-күйін жақсарту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік маңызы бар мәселелер көтерілді.
Әрбір өтініш жан-жақты қаралып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді. Облыс әкімі барлық тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етіп, олардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.