Тағайындау

Тағайындау

Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша Қосым Дүйсенәліұлы Аңсатбаев Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы болып тағайындалды.

Қосым Дүйсенәліұлы 1981 жылы туған, Түркіменстан Республикасының тумасы.

Қазақ гуманитарлық заң университетін, «Болашақ»университетін және «Халық шаруашылығы» университетін юриспруденция, құрылыс және іскери әкімшілік ету мамандығы бойынша тамамдаған.

Әр жылдары Қызылорда облысының Сауда және мемлекеттік сатып алу басқармасында, Кәсіпкерлік және индустрия департаментінде жетекші маман, бас маман болып қызмет атқарды. Кейін Сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде бөлім басшысы, басшының орынбасары, басшысы, Қызылорда облысының Қалалық құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. Сондай-ақ Астана қаласындағы Нормалау және құрылыс орталығының директоры, Ақпараттық модельдеу орталығы директорының орынбасары болды.

Осы тағайындауға дейін жеке компанияда техникалық экономикалық негіздеме және сараптама жөніндегі үйлестіруші болып қызмет етті.