Тағайындау

Тағайындау

Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша Мафруза Тасболатқызы Науанова Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Мафруза Тасболатқызы 1975 жылы дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын және Көкшетау экономика және менеджмент институтын «Математика және информатика», «Экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Айыртау ауданының Володар орта мектебінде мұғалім болып бастаған. Әр жылдары Айыртау ауданы әкімі аппаратында бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарды. Сондай-ақ ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту салаларындағы аудандық және қалалық бөлімдерді басқарды.

Кейін Айыртау ауданы әкімінің орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

Осы тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.