Солтүстiк Қазақстанда биыл түлектердiң 80%-ы жұмысқа орналасты

Солтүстiк Қазақстанда биыл түлектердiң 80%-ы жұмысқа орналасты

Биыл колледждер мен университеттердi 5,4 мың адам бiтiрдi. Бұл соңғы үш жылдағы ең жоғары көрсеткiш. Маңыздысы, түлектердiң 80% жұмысқа орналасты.

«Студенттердiң саны бiртiндеп көбейiп келедi. Соңғы үш жылда гранттардың саны екi есеге өстi, 1,8 мыңнан 3,9 мың грантқа дейiн. Қазiр жергiлiктi университетте 7,5 мың студент оқиды. 2017 жылы бар болғаны 5,4 мың студент бiлiм алатын едi», — дедi Құмар Ақсақалов облыстық әкiмдiктiң отырысында.

Колледждердiң материалдық-техникалық базасын жақсартуға бөлiнген қаржы 275 миллион теңгеге жеттi. Бұл 2017 жылы бөлiнген қаражаттан 4 есе көп. 4 колледжге жоғары технологиялық жабдықтар сатып алуға 1,2 млрд. тг бөлiндi. 2021 жылы тағы 5 колледжге 1,5 млрд. тг бағытталады. Осылайша, екi жыл iшiнде облыстағы мемлекеттiк колледждердiң 40% жаңарады.