Солтүстік Қазақстан Облысының Digital Aimaq жобасы халықаралық деңгейге қадам басты

Солтүстік Қазақстан Облысының Digital Aimaq жобасы халықаралық деңгейге қадам басты

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев бастаған делегация Digital Aimaq жобасын дамыту және оның ауқымын кеңейту мақсатында Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барып қайтты.

Сапардың негізгі мақсаты – ауылдық аумақтарды цифрландыру саласындағы озық тәжірибелермен танысу, сондай-ақ қазақстандық Digital Aimaq жобасы мен қытайлық Digital Village бастамасы арасындағы әріптестік байланыстарды нығайту болды.

Сапар аясында делегация Қытайдың мемлекеттік органдарының өкілдерімен, жетекші технологиялық компаниялармен және сарапшылар қауымдастығымен бірқатар кездесулер өткізді. Тараптар цифрлық жобаларды іске асыру тәжірибесімен алмасып, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады, сондай-ақ заманауи технологиялық шешімдерді Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендеріне енгізу мүмкіндіктерін қарастырды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар қытайлық компаниялармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл құжаттар өңірде бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға және озық технологияларды тартуға жаңа мүмкіндік береді.