Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтауы

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ту, Елтаңба және Әнұран - халқымыздың тәуелсіздігі мен бірлігінің, елдік рухы мен ұлттық құндылықтарының айқын белгісі. Мемлекеттік рәміздер – әр азаматтың жүрегінде Отанға деген мақтаныш пен патриоттық сезімді нығайтатын қасиетті нышандар.

Бүгінде көк Туымыз әлем аренасында биікте желбіреп, Елтаңбамыз егемен еліміздің айбынын айшықтап келеді. Ал Әнұранымыз әрбір қазақстандықтың жүрегіне рух пен сенім ұялатады. Осынау мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!