СҚО әкімінің Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауы

СҚО әкімінің Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауы

Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!  Балалар – отбасының қуанышы, өмірдің жалғасы, тәуелсіз еліміздің келешегі. Сондықтан олардың қауіпсіз ортада өсіп, сапалы білім алып, бойындағы қабілеттерін дамытуына жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз.  Өңірде балалардың жан-жақты дамуына, білім алуына, спортпен және шығармашылықпен айналысуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Осы жарқын мерекеде барлық бүлдіршіндерге зор денсаулық, шаттық пен қуаныш, жаңа жетістіктер мен биік армандар тілеймін. Ал ата-аналарға, ұстаздарға және бала тәрбиесіне үлес қосып жүрген барша жандарға шынайы алғысымды білдіремін.

Әр шаңырақтан бала күлкісі естіліп, әр отбасының бақыты арта берсін! Балаларымыздың болашағы жарқын, армандары асқақ болсын!