Тамыз айында жоңышқа өңдеу зауыты іске қосылады

Тамыз айында жоңышқа өңдеу зауыты іске қосылады

Қызылжар ауданында өңір үшін маңызды инвестициялық жобалардың бірі – жоңышқа өңдеу зауытының құрылысы жүзеге асырылуда.

Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 60 мың тонна түйіршіктелген өнім шығаруға мүмкіндік береді. Дайын өнімнің басым бөлігі Қытай мен Орталық Азия елдеріне экспортталмақ. Жоба жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауданның экспорттық әлеуетін арттыруға және агроөнеркәсіп кешенінің дамуына тың серпін беруге ықпал етеді.

Жаңа өндіріс орнын іске қосу осы жылдың тамыз айына жоспарланған.