
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Халық Қаһарманы, қазақ ғарышкері, генерал-майор Айдын Айымбетовпен кездесті. Кездесу барысында патриоттық тәрбиені дамыту, дарынды жастарды қолдау, сондай-ақ жас ұрпақтың ғылым мен білімге деген қызығушылығын арттыру мәселелері талқыланды.
«Айдын Айымбетовтің ерлігі мен өмір жолы – Отанға адалдықтың, жігер мен биік мақсатқа ұмтылыстың жарқын үлгісі. Мұндай тұлғалар жастарды тәрбиелеуде және ел болашағы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруда ерекше рөл атқарады», - деді өңір басшысы.
Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында Айдын Айымбетов өңіріміздің студенттерімен және жастарымен кездесті.