СҚО әкiмi блок постты тексердi

СҚО әкiмi блок постты тексердi

Блок посттар жаңа алгоритм бойынша жұмыс iстейтiн болады. Ал ауданда тұрып, қалада жұмыс iстейтiн азаматтардан ПТР тест анықтамасы талап етiле ме? Жұмыс орнынан арнайы құжат ше? Осы мәселе жөнiнде өңiр басшысы Құмар Ақсақалов Бескөлдегi карантиндiк бекеттi тексеру барысында нақты түсiнiктеме бердi. Әрiптесiм Нұрбол Балғабеков рет-ретiмен баяндайды.

НҰРБОЛ БАЛҒАБЕКОВ, ТIЛШI:

— «Эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты қала қайта карантинге жабылды. Бүгiндiкке Петропавл қаласының айналасында 5 блок-бекет орнатылған. Бұл — блок-бекеттерде полиция қызметкерлерi кезекшiлiк атқаруда».

Облыс орталығына кез-келген адам кiрiп-шыға алмайды. Яғни, ауданда тұрып, қалада жұмыс iстейтiндерге арнайы анықтама берiлген. Тәртiп сақшылары әр көлiктi тоқтатып, тұрғындардың құжаттарын бүге-шүгесiне дейiн тексерiп қана өткiзiп жатыр.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКIМI:

— «Ауданда тұрып, облыс орталығында жұмыс iстейтiндерден ПТР тест анықтамасы талап етiлмейдi. Олар блок-бекеттi емiн еркiн кесiп өте алады. Ал өзге өңiрден себепсiз келем дегендердiң қолында СOVID-19 вирусының жоқ екiнiн расайтын құжат мiндеттi түрде болу керек. Бұл- қалаға кiрiп-шығуды шектеу үшiн жасалынып отыр. Себебi, өңiрде жұқпалы iндеттi жұқтырып жатқандардың саны өсiп жатыр».

Сондай-ақ, блок посттар ертеңнен бастап жаңа алгоритм бойынша жұмыс iстейтiн болады. Яғни, блок-бекеттерде «Сергек» бейнебақылау жүйесi орнатылуда. Ол кiрiп-шыққан көлiктердi жылдам тексеруге мүмкiндiк бередi. Ол үшiн ең алдымен әрбiр тұлға «Сергек-Блокпост» деректер базасына есепке алынуы керек. Бұл-жұмысты әлдеқайда жеңiлдетпек. Бүгiндiкке бұл базаға 8 мыңнан астам адам мен 3 мыңға жуық көлiк тiркелiптi.

БОЛАТ ЖҰМАБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКIМI:

— «Неге десеңiз ең бiрiншiден тезiрек өткiзiп, посттың қасында машина тоқтамасын дегенге жасалып отыр. Бұдан қоса, тек қана машина нөмiрiн ғана емес, кiрiп жатқан адамдар, не болмаса кiрiп жатқан адамдардың тоқтатпау үшiн бұл система ПТР тест беретiн зертханамен байланысы болады. Сондықтан ПТР тесттiң құжаттарын көрсеткен кезде сонымен мына системамен салыстырамыз. Шынында бар ма екен? Берiлдi ма екен? Мерзiмi шығып кетпедi ма үшiн жасалып отыр».

Жалпы, Бескөлдегi блок-бекетте 6 полицей тәулiктiк кезекшiлiкке түседi екен.

АЙДЫН БАЙМАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖЕРГIЛIКТI ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТI БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

— «Бұл карантиндiк блок босттан бүгiндiкке 900-дан астам автокөлiк өттi. Оның отыз бiрiн бiз кейiн қайтарып жiбердiк. Олардың қолдарында не анықтама қағаз, не ПТР тест анықтамасы болған жоқ. Жалпы бiз Петропавл қаласының айналысында 5 карантиндiк пост орнаттық. Төртеуi Петропавл қаласының кiреберiсiнде. Бiреуi Қызылжар ауданының Бескөл ауылының тас жолында орнатылған».

Сондай-ақ, блок-бекетте жолаушылардың дене қызуы да тексерелетiн болды.

Qyzyljar арнасы